Қазақстандық жеңіл атлет Чехиядағы турнирде топ жарды

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Чехияда өтіп жатқан World Athletics Indoor Tour жарысында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды olympic.kz.

Отандасымыз биікке секіруден үздік шықты. Ең үздік көрсеткіші 190 сантиметр болды. Күміс жүлдені украиналық Юлия Чумаченко (187 см), қоланы чех қызы Микаэла Хруба (187 см) еншіледі.