Астанада жеңіл атлетикадан жабық жайдағы 10-шы Азия чемпионаты өтеді

10-12 ақпан аралығында Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық жайдағы 10 Азия Чемпионаты өтеді. Ауқымды іс-шараға 500-ден астам спортшы қатысады.

Чемпионат Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді. Жарыс Азия жеңіл атлетика қауымдастығы күнтізбесіндегі ең маңызды жеңіл атлетикалық іс-шараларының бірі. Айта кетейік жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Азия Чемпионаты ТМД елдері аумағында алғаш рет өткізілуде. Жарысқа 31 дан астам елден келген спортшылар қатысады деп жоспарлануда. Байрақты бәсекеде спортшылар жүгіру, ядро лақтыру, секіру және көпсайыс секілді 26 спорт түрінен сынға түседі.

Жарыстың ашылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Әл-Хамад, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика Федерациясының президенті – Даниал Ахметов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығының кеңес мүшелері, Азия елдері федерацияларының басшылары, сондай-ақ еңбек сіңірген спортшылар мен қазақстандық спорт қайраткерлері қатысады.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!