Конор Макгрегорды көлік қағып кетті

Әйгілі спортшы Конор Макгрегорды көлік қағып кеткен. Бұл ол туралы instagram парақшасында мәлім етті.

"Қазір ғана арттан келген көлік мені жоғары жылдамдықпен қағып кетті. Жүргізушінің кінәсі жоқ. Күн сәулесіне көзі шағылғаннан алдында адам бар екенін көрмей қалған. Құдайға шүкір, менің уақытым әлі келмепті. Құлауды үйреткен күрес пен дзюдоға да рахмет. Ол менің өмірімді сақтап қалды", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Конор Энтони МакГрегор - ирландиялық аралас жекпе-жек шебері, ол кәсіпқой бокста да бағын сынаған. "UFC" демеушілігімен жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Екі салмақ бойынша экс- UFC чемпионы.