"Месси, Месси!" Роналду матчтен кейін ыңғайсыз жайтқа тап болды

Сауд Арабиясының жанкүйерлері ел Суперкубогының плей-офф матчінде Криштиану Роналдуды ерекше қарсы алды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Португалиялық "Әл-Наср" клубы қарсыластарынан 1:3 есебімен жеңілді. Ал жанкүйерлер трибуналарда Криштианудың аргентиналық бәсекелесі Лионель Мессидің есімін ұрандатып тұрды.

"Эр-Риядтағы халықаралық стадионда Сауд Арабиясы Суперкубогының финалына шығу үшін "Әл-Иттихадқа" қарсы матчте "Әл-Насрдың" жаңа шабуылшысы жанкүйерлерінен күтпеген реакцияға тап болды. Жанкүйерлер Таяу Шығысқа жақында көшкен Роналдуды қарсыласы Мессидің есімін ұрандатып қарсы алды" , - деп жазған Goal басылымы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода "Әл-Иттихад" жанкүйерлері "Месси, Месси, Месси" деп ұрандатып жатқанын естуге болады.

Португалиялық "Әл-Наср" сапында капитан ретінде екінші толық ойынын өткізді, бірақ ол гол соға алмады.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!