Өзбекстандық қарсыласын ұтқан Жасмин Қизатова Азия чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы қыз Жасмин Қизатова Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі  Азия чемпионатында топ жарды. Отандасымыз финалда өзбек қызы Азиза Зокировадан басым түсті.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 70 килоға дейінгі салмақта өтті. Жасмин қарсыласынан ширақ жұдырықтасып, төрешілер шешімімен айқын жеңіске жетті.

Еске салайық, 11-ші жұпта Қазақстан әйелдер құрамасының тағы бір өкілі Гүлсая Ержан 81 келі салмақта Таиланд боксшысы Порннипа Чутимен күш сынасады.

Жекпе-жектің тікелей эфирін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!