"Оңай болмайды". "Барселона" бапкері Роналдудың тағдыры туралы айтты

"Оңай болмайды". "Барселона" бапкері Роналдудың тағдыры туралы айтты
Фото: championat.com

"Барселонаның" бас бапкері Хави Эрнандес португалиялық Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубына ауысуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Оның айтуынша, шабуылшыға жаңа чемпионатта оңай болмайды. 

"Ол Сауд Арабиясының ең мықты клубтарының бірімен келісімшартқа отырды, бірақ оған оңай болмайды. Бұл - өте күрделі лига. "Әл-Садд" клубын жаттықтырғанда мен олардың бірнеше командасына қарсы ойнадым. Оған оңай болмайды. 

Сауд Арабиясының лигасы - бәсекелестігі жоғары лига, ал Криштиану Роналду - бәсекеге қабілетті ойыншы. Сондықтан ол жетістікке жете алады деген ойдамын", - деді Хави barcauniversal.com-ға берген сұхбатында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек