Португалия құрамасының жаңа бас бапкері Роналдудың болашағына қатысты пікірін айтты

Футболдан Португалия құрамасының жаңа бас бапкері Роберто Мартинес шабуылшы Криштиану Роналдудың ұлттық командадағы болашағына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz Sport24 басылымына сілтеме жасап. 

Испаниялық маман 37 жастағы футболшымен сөйлесіп көрмек. 

"Ұлттық командада өткізген 19 жылдан кейін Криштиану Роналду құрметке лайық. 2022 жылғы әлем чемпионатына барған 26 футболшымен сөйлескендей онымен де сөйлесемін", - дейді Мартинес. 

Роналду голдар саны (118) мен өткізген матч саны бойынша Португалия құрамасының рекордсмені.

Мұның алдында Португалия құрамасын 2014 жылдан бері Фернанду Сантуш жаттықтырған еді. Португалиялық маман Катарда өткен ӘЧ-нің ширек финалында жарыстан шығып қалғанына байланысты 15 желтоқсан қызметінен кеткен болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!