Роналду vs Месси. ПСЖ Сауд Арабиясында өтетін ойынды ресми түрде растады

Роналду vs Месси. ПСЖ Сауд Арабиясында өтетін ойынды ресми түрде растады
Фото: Getty Images

Франциялық ПСЖ қаңтардағы Катар мен Сауд Арабиясында өтетін оқу-жаттығу жиынының кестесін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПСЖ 17 қаңтарда Катардың астанасы Дохаға барып, 2022 жылғы әлем чемпионатының стадиондарының бірінде жаттығады. Бұдан кейін француз алыбы Эр-Риядқа (Сауд Арабиясы) жол тартады, онда 19 қаңтарда жергілікті "Әл-Наср" және "Әл-Хилал" клубтарының үздік ойыншыларынан құралған командамен жолдастық кездесу өткізеді. ПСЖ ойыннан кейін Парижге оралады.

Айта кетейік, 2022 жылғы желтоқсан аяғында саударабиялық клубқа ауысқан шабуылшы Криштиану Роналду "Әл-Наср" сапында ойнайды. Шабуылшы Лионель Месси ойнайтын ПСЖ-мен матч португалдық үшін жаңа командадағы дебют болуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек