Белден төмен ұстап, шаш жұлысқан. "Атлетико" мен "Барселона" кездесуінде екі ойыншы алаңнан қуылды

Белден төмен ұстап, шаш жұлысқан. "Атлетико" мен "Барселона" кездесуінде екі ойыншы алаңнан қуылды
Фото: Twitter/TheEuropeanLad

Испания премьер-лигасының матчіндегі төбелестен кейін "Атлетико Мадрид" пен "Барселона" футболшылары алаңнан қуылды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Кездесудің 92-минутында Стефан Савич пен Ферран Торрес алдымен допқа таласты, кейін екеуінің арасында жанжал шығып, аралас жекпе-жекке ұласты.

Бәсекелестер жерге құлап, бір-бірімен алысты. Торрес тіпті қарсыласының шашына жабысып үлгерді.

Кездесу төрешісі екі ойыншыға да қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан шығарып жіберді. Желі қолданушылары ойыншылардың бұл қылығына түрлі пікір қалдырып үлгерді. 

"Олар бір-біріне деген қарым-қатынастарын көрсетті", "Бұл реслингтен шыққан нәрсе", "Ферран Торрестің маусымдағы ең жақсы сәті". "Бүкіл матчтегі ең қызық сәт", - деп жазған олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек