Аңызға айналған футболшы: "Месси жанын салатын ойыншы емес"

Аңызға айналған футболшы: "Месси жанын салатын ойыншы емес"
Фото: Reuters

Нидерланд құрамасының әйгілі футболшысы Марко ван Бастен France Football басылымына берген сұхбатында ПСЖ ойыншысы Лионель Мессиді тарихтағы ең мықты ойыншылар қатарына қоса алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Марко ван Бастен футбол тарихындағы ең мықты үш ойыншы Пеле, Марадона мен Кройф екенін айтты.

"Бірақ мен Криштиану Роналду, Платини мен Зидан туралы да ұмытпаймын. Месси - ол да жақсы ойыншы, алайда Марадонаның командада әсері мен харизмасы басым болатын. Месси жанын салатын ойыншы емес", - деп атап өтті Ван Бастен. 

Айта кетейік, былтыр 18 желтоқсанда Аргентина құрамасы әлем чемпионатының финалында Францияны жеңген болатын. Мессидің өзі сол матчте дубль жасаған еді.

@massaget.kz #франция#аргентина#әлемчемпионаты#чемпионатмира#fifa#worldcup#2022#месси#мбаппе ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Месси әлем чемпионы болғаннан кейін мәлімдеме жасады

Артынша, Месси әлем чемпионатындағы жеңісін кімге арнағанын айтты. Шабуылшы мундиалдағы жеңісті марқұм Диего Марадонаға, сондай-ақ ұлттық құраманы қолдаған жандарға, бұған дейін жеңіске қол жеткізе алмаған барлық аргентиналық ойыншыға арнайтынын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина