Тарихта алғаш рет. "Реал Мадрид" Ла Лигадағы кезекті матчқа ерекше құраммен шықты

Тарихта алғаш рет. "Реал Мадрид" Ла Лигадағы кезекті матчқа ерекше құраммен шықты
Фото: twitter.com/realmadrid

Мадридтік "Реал" өз тарихында алғаш рет футболдан Испания чемпионатының (Ла Лига) матчына негізгі құрамға бірде бір испаниялықты қосқан жоқ.

Корольдік клуб 16-турда сырт алаңда «Вильярреалмен» кездесіп жатыр.

Қонақтардың бас бапкері Карло Анчелотти ойынға келесі құрамды таңдады: Тибо Куртуа, Эдер Милитао, Антонио Рюдигер, Давид Алаба, Ферлан Менди, Аурельен Чуамени, Тони Кроос, Лука Модрич, Федерико Вальверде, Карим Бензема, Винисиус Жуниор.

Осы ойынға дейін "Реал Мадрид" 38 ұпаймен лигада көш бастап тұрса, "Вильярреал" 24 ұпаймен жетінші орында тұр.

А. Оралқызы