УЕФА рейтингінде Қазақстан қандай орын алады?

УЕФА рейтингінде Қазақстан қандай орын алады?
Фото: ©Әлихан Сариев

Еурокубок маусымы шарықтау шегіне жетті. Плей-офф матчтары үш турнирдің жеңімпаздарын анықтайды: Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасы, - деп хабарлайды Vesti.kz.  

Еурокубоктың бұл маусымында төрт қазақстандық құрама өнер көрсеткен. Ел чемпионы "Тобыл" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде (бірінші матчта) венгриялық "Ференцварошпен" тең ойнап, Конференция лигасында (бірінші матч) гибралтарлық "Линкольн Ред Импсті" екі рет жеңді. Алайда кейін ол босниялық "Зринскийге" жол берді.

Сондай-ақ, Конференция лигасының үшінші раундына "Қызыл-Жар" жетті. Екінші раундта Петропавл клубы хорватиялық "Осиекті" сенсациямен жеңді, алайда үшінші раундта кипрлік "АПОЭЛ" құрамасынан жеңілді. "Астана" мен "Қайрат" Конференция лигасының екінші раундында поляк құрамасы "Ракувудан" және венгриялық "Кишвардтан" ұтылды.

Қазақстандық клубтардың алаңда өнер көрсетуі қоржынды 1,125 балмен толықтырды. Бұл - тарихтағы ең нашар нәтижелердің бірі. Одан да аз ұпайды Беларусь, Албания, Гибралтар, Андорра, Черногория және Сан-Марино ғана жинады.

Айта кетейік, Мальта командалары бір маусымда екі есе, яғни 2,625 ұпай жинаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова