Мбаппе Франциядағы 2022 жылдың үздік спортшысы атанды

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе Францияда L'Equipe нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Франция құрамасының шабуылшысы 832 ұпай жинаған. Екінші орынды "Реал Мадридтің" шабуылшысы Карим Бензема (484 ұпай) иеленген.

Тізімде мына спортшылар бар:
1. Килиан Мбаппе (футбол, 832 ұпай)
2. Карим Бензема (футбол, 484)
3. Кентен Фийон-Майе (биатлон, 403)
4. Антуан Дюпон (регби, 389)
5. Леон Марчанд (жүзу, 358)
6. Кевин Майер (жеңіл атлетика, 169)
7. Клемент Ноэль (тау шаңғысы, 126)
8. Гийом Сизерон (мәнерлеп сырғанау, 75)
9. Ромен Каннон (семсерлесу, 52)

Рейтинг дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!