"Барыс" аутсайдер командадан екінші күн қатарынан ұтылды

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын "Барыс" Шығыс конференцияның аутсайдер командасы саналатын "Амурдан" екінші күн қатарынан ұтылды. Кеше жеңісті буллит сериясында уыстан шығарып алса, бүгін 1:0 есебімен негізгі уақытта есе жіберді. 

Ойында мұз айдын иелеріне жеңіс сыйлаған шайбаны 18-минутта Сергей Дубакин соқты. Ол ойыншы басымдығы кезінде өз мүмкіндігін оңтайлы пайдаланды. 

Андрей Скабелка жаттықтыратын қазақстандық команда келесі ойынын Владивостокта "Адмирал" командасына қарсы өткізеді. Ойындар 7-8 қаңтарға жоспарланған. 

1XBET-пен жаңа жылдық жарыс басталды! Өз командаңызды таңдап, бағалы сыйлықтар ұтысына қатысыңыз!

Жаңа жылды спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен бірге жеңімпаз ретінде қарсы алыңыз!