Роналду "Әл-Насрға" өте салысымен клубтың Instagram парақшасына төрт миллион адам жазылған
![Роналду "Әл-Насрға" өте салысымен клубтың Instagram парақшасына төрт миллион адам жазылған](/userdata/news/news_76356/image_l.jpg)
Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының Instagram желісіне жазылушылар саны сәт сайын артып жатыр. Бұған себеп әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың осы командаға қосылуы болып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Клубтың әлеуметтік желідегі парақшасына жазылушылар саны Роналду келгенге дейін 860 мың болған екен. Ал кеше кешкісін 4 миллионнан асып жығылды. Сонымен қоса, бүр үдеріс әлі де тоқтаған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова