2022 жылы Катарда өткен ӘЧ-нің үздік голы анықталды

2022 жылы Катарда өткен ӘЧ-нің үздік голы анықталды
Фото: FIFA

2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының үздік голы ресми түрде жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бразилия құрамасының шабуылшысы Ришарлисон Катарда өткен әлем чемпионатында ең әдемі голдың авторы атанды", - делінген хабарламада.

Бразилия және Тоттенхэм шабуылшысының топтық кезеңнің бірінші турында Сербияға қарсы соққан голы (2:0) ФИФА сайтында жарияланған дауысқа салуда жеңіске жетті.

Сондай-ақ, тізімде мына голдар болды: Салем Аль-Давсари (Сауд Арабиясы), Коди Гакпо (Нидерланды), Энцо Фернандес (Аргентина), Винсент Абубакар (Камерун), Луис Чавес (Мексика), Килиан Мбаппе (Франция), Бэк Сын Хо (Оңтүстік Корея), Неймар (Бразилия) және Ришарлисон (1/8 финалда Оңтүстік Корея қақпасына соққан гол).

@worldcupxtra Ришарлиосссон дубль??? #футбол #football #ришарлисон #бразилия #неймар #винисиус #foryoupage #worldcup #vinijr ♬ оригинальный звук - Content about WC?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек