"Оңай жеңемін". Шавкат Рахмоновтың қарсыласы батыл мәлімдеме жасады

"Оңай жеңемін". Шавкат Рахмоновтың қарсыласы батыл мәлімдеме жасады
Фото: fight.ru

Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (16-0) қарсыласы, америкалық UFC файтері Джефф Нил (19-15) алдағы жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жекпе-жек 2023 жылғы 14 қаңтарда Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. 

"Мен Шавкатты бәрінен де шебер деп ойлаймын. Бірақ мен оның ісінен таңғаларлық ештеңе байқамадым. Менде кардио жақсы және психика жағынан дайынмын. Оңай жеңемін деп ойлаймын", - деді Нил MMA Junkie басылымына берген сұхбатында.

Нил ММА бойынша 19 жекпе-жек өткізіп, 15 жеңіске жетті. Рахмонов 16 жекпе-жекте 16 жеңіске жеткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек