Сергей Морозов пен Дамир Исмағұлов UFC-де қарсыластарымен көз арбасты

Қазақстандық файтерлер Сергей Морозов пен Дамир Исмағұлов қарсыластарымен көз арбасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ертең, 18 желтоқсанда олар Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Fight Night 216 турниріне қатысады.

Морозовтың қарсыласы америкалық Джорни Ньюсон болмақ. Олардың кездесуі турнир кардын ашады.

Исмағұлов ресейлік Арман Царукянмен күш сынасады. Бұл турнирдің негізгі жекпе-жектерінің бірі болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!