Екі минутта екі гол. Англия құрамасы плэй-офф кезеңіне жолдама алды

Екі минутта екі гол. Англия құрамасы плэй-офф кезеңіне жолдама алды
Фото: Reuters

Англия құрамасы Катардағы әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

В тобының 3-турында ағылшындар Уэльспен кездесті. Ойынның бірінші таймында есеп ашылған жоқ.

Ал екінші таймның басында Англия екі минут ішінде екі гол соқты. 50-минутта Маркус Рэшфорд көзге түссе, 52-минутта Фил Фоден қанжығасын майлады.

Ал 68-минутта Рэшфорд өзінің екінші, Англияның үшінші голын салды.

Осы жеңістен соң Англия құрамасы 7 ұпай жинап, В тобында бірінші орын алды. Осылайша, плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Уэльс құрамасы топта бір ұпаймен соңғы орын алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш