UFC файтері Желіде мазақ қылған жігіттің тас-талқанын шығарды

UFC файтері Желіде мазақ қылған жігіттің тас-талқанын шығарды
Фото: Видео кадры

UFC файтері Шон Стрикланд әлеуметтік желіде жекпе-жекке шақырған жігіттің ұсынысын қабылдап, қарсыласын аяған жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

31 жастағы файтер орта салмақ рейтингінде 7-орында тұр. БАҚ мәліметінше, әлеуметтік желі қолданушысы Стрикланд туралы жағымсыз пікірлер айтып, оны жекпе-жекке шақырған.

"Танымал емес бір боксшы Шонды әлеуметтік желіде спаррингке шақырды, ал Стрикленд оның ұсынысын қабылдады. Шонды мазақ қылған Денис Дуглин Стриклендтің тәжірибесі мен шеберлігі арқылы жекпе-жекке шығудың салдарын түсінді", - деп жазды MMA News басылымы.

Басылым мәліметінше, Дуглиннің бокста біраз тәжірибесі бар - оның рекорды 23-8. Бейнежазбада қарсыластар бір-біріне балағат сөздер айтып жатқанын естуге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sean Strickland (@strickland_mma_)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш