"Манчестер Юнайтед" Роналдуға қомақты айыппұл салмақ

"Манчестер Юнайтед" Роналдуға қомақты айыппұл салмақ
Фото: MEGA

"Манчестер Юнайтед" командадағы жағдайды көпшілік алдында сынаған Криштиану Роналдуға айыппұл салмақ, - деп хабарлайды "Чемпионат" Metro басылымына сілтеме жасап.

"Қызыл сойқандар" португалиялыққа Пирс Морганға берген жанжалды сұхбаты үшін 1,14 миллион еуро (540,90 миллион теңге) көлемінде айыппұл салуды көздеп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Роналду журналиске сұхбат беріп, "Манчестер Юнайтедтің" басшылығы мен жаттықтырушыларына қатысты жағымсыз сөздер айтып, клуб саясатының дұрыстығына күмән келтірген еді. Бұл сұхбат футбол қауымы арасында айтарлықтай дау тудырды.

Көпшілік Криштиануды клуб пен оның қызметкерлеріне қатысты шағым айтқаны үшін сынға алды. Кейінірек журналист Пирс Морган Роналдудың өзі сұхбат ұйымдастыруды өтінгенін және ол көп сынға ұшырайтынын түсінгенін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек