UFC-де дау туды: төреші соңғы сәтте шешімін өзгерткен

UFC-де дау туды: төреші соңғы сәтте шешімін өзгерткен
Фото: видео кадры

13 ақпанға қараған түні Нью-Йоркте өтіп жатқан UFC 281 турнирінде даулы оқиға болды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында UFC 281 турнирі өтіп жатыр. Алдын ала кард аясында Польша өкілі Каролина Ковалькевич аргентиналық Сильваной Гомес Хуареспен кездесті.

Жекпе-жек жоспарланған үш раундқа созылды. Соңында диктор Брюс Баффер шешімді жариялайын деп тұрғанда, судья Сэл Д'Амато сегізбұрышқа жүгіріп шығып, өзі ұпай жазған карточкасын алып, шешімін өзгерте бастаған. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша, жеңіс Каролинаға берілді.

Танымал журналист және UFC-ге маманданған инсайдер Ариэль Хельвани резонанс тудырған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Бұл сұмдық. Қандай жағдай болмасын, тексеру жүргізіледі", - деп жазды ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан