Бауыржан Исламхан Қазақстан құрамасына шақырту алды

Бауыржан Исламхан Қазақстан ұлттық құрамасының қарашада Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктері құрамасымен өткізетін жолдастық матчтеріне шақырту алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kff.kz-ке сілтеме жасап.

Футболшының екі жылдық дисквалификациясы аяқталып, кәсіпқой командамен жаттығуды жалғастыруға болатыны туралы тиіс құжаттар алынды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы бір ай бойы Бауыржан Исламханмен жұмыс жүргізіп, оның қорытындысы бойынша Алматыда басталатын жиынға шақырту туралы шешім қабылдады.

"Бауыржан туралы көп естігенмін. Оның таланты мен мол тәжірибесі бар. Алдағы оқу-жаттығу жиынында оның физикалық дайындығын қарағым келеді. Өйткені екі жылдай Исламханның ойын тәжірибесі болмады. Оқу-жаттығу жиынында оның қандай екенін байқап, алдағы ойындарға қаншалықты дайын екенін білетін боламыз", - дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.

Исламхан Қазақстан құрамасына алғаш рет 2012 жылғы 29 ақпанда Латвияға қарсы жолдастық ойында алаңға шықты. Ұлттық құраманың қатарында 46 ойын өткізіп, үш гол соққан.

Бауыржан кейінгі рет Қазақстан құрамасында 2020 жылғы қыркүйекте Беларусь командасына қарсы ойнады.

Қазақстан құрамасына шақырту алған 25 ойыншы:

Қақпашылар: Игорь Шацкий, Данил Устименко, Александр Заруцкий

Қорғаушылар: Сергей Малый Александр Марочкин Бағдат Қайыров, Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Темірлан Ерланов, Дмитрий Шомко, Нұралы Әліп, Сұлтанбек Астанов

Жартылай қорғаушылар: Бақтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген, Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат, Эльхан Астанов, Рамазан Оразов, Максим Самородов, Бауыржан Исламхан

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Абылайхан Жұмабек, Айбар Жақсылықов, Артур Шушеначев

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!