Ерғали Шамей әлем чемпионы атанды

Ерғали Шамей әлем чемпионы атанды

Ерғали Шамей 73кг салмақта J1 санаты бойынша паралимпиадалық дзюдодан әлем чемпионы атанды.

Ақтық сында Ерғали германиялық Сасс Леннардты тізе бүктірді.

Ерғали жартылай финалдан бастап сол жақ қабырға жарақатымен күресіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, қазақстандық Ақмарал Науатбек пара дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанған болатын. Ол ел қоржынына тарихымызда әйелдер арасындағы алғашқы алтын медальді сыйлады.

А. Оралқызы