Салмақ қосқан ба? МакГрегордың суреті жұртты таңғалдырды

Салмақ қосқан ба? МакГрегордың суреті жұртты таңғалдырды
Фото: instagram.com/thenotoriousmma

Желіде ирландиялық файтер Конор МакГрегордың ауыр салмақтағы суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

34 жастағы файтер бұрын үш салмақ дәрежесінде (61 келіден 77 келіге дейін) жұдырықтасса, қазір оның салмағы 100 келіге жеткен.

"Қазір бұл адамның салмағы кем дегенде 90-100 келі", - деп жазған дереккөз.

Бұл шектеу промоушнның қалған екі бөліміне (жеңіл салмақ және ауыр салмақ) сәйкес келеді. Бұған дейін МакГрегор жаңа салмақ дәрежесінде өнер көрсетуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, МакГрегор 28 жекпе-жектің 22-сінде жеңіске жетті, бірақ аяғындағы ауыр жарақатына байланысты 2021 жылы шілдеден бері жарыс алаңына шықпады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек