Әлемнің ең қымбат футболшысы ауысты

Норвегиялық бомбардир Эрлинг Холланд әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімінде бірінші орынға шықты. Ол 170 миллион еуроға бағаланды, - деп хабарлайды Tengri Sport

22 жастағы шабуылшы маусымнан тыс уақытта "Боруссиядан" "Манчестер Ситиге" ауысып, маусымның басындағы барлық турнирде АПЛ чемпиондары үшін 16 ойында 22 гол соққан.

"Ағылшын премьер-лигасындағы жаңарту нәтижесінде Эрлинг Холанд әлемдегі ең қымбат ойыншылар тізімінде Килиан Мбаппені басып озды", - деп жазады Transfermarkt Instagram-да.

23 жастағы Киллиан Мбаппе 160 миллионға бағаланған, ал оның ең жоғары жетістігі 200 миллион болған.

Үшінші орында 120 миллион еуроға бағаланған, "Реал Мадрид" командасынан 22 жастағы бразилиялық Винисиус Джуниор тұр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!