Ербосынұлы чемпиондық жекпе-жегі алдында қарсыласымен көз арбасты

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен екінші орта салмақта WBA Regular титулының иегері кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) жекпе-жек алдында көз арбасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Боксшылар баспасөз мәслихатында кездесті.

Олардың кездесуі қазақстандық уақытпен 6 қарашада таңда болады. Кездесу Миннеаполисте (Миннесота штаты, АҚШ) өтеді, бокс кешін Showtime мен PBC ұйымдастырып жатыр. 

Боксшылар қазір кубалық иелік ететін әлем чемпионы титулын сарапқа салады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!