"Өзіне тым сеніп кетеді". Сарапшы Әлімханұлына қандай қауіп төніп тұрғанын айтты

"Өзіне тым сеніп кетеді". Сарапшы Әлімханұлына қандай қауіп төніп тұрғанын айтты
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Ұлыбританиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 КО) жеңіп, орта салмақта WBO белбеуін тартып алуы мүмкін. Boxingscene.com шолушысы Элиот Фостер Vesti.kz берген сұхбатында осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Боксшылар 12 қарашада Лас-Вегастағы Palms Casino Resort кешенінде жұдырықтасады. 

"Бұл Бентлидің карьерасындағы ең үлкен айқас болады. Оны сұмдық форма жинап алған Жәнібек Әлімханұлымен айқас күтіп тұр. Ол алдына келгеннің бәрін еш мүмкіндік бермей жапырып келеді және алдағы айқас фавориті есептеледі. Алайда осы күнге дейін талай апсетке куә болдық. Кейде Әлімханұлы өзіне тым сеніп кетеді. Бұл әрине, жақсы. Бірақ даңғойлыққа салынып кетуге болмайды. Бентлиге тиісінше бағасын бермесе, Жәнібек жеңіліп қалуы да мүмкін. Бентли нокаутқа түсіре алатынын бірнеше рет дәлелдеген. Фаворит белгілі, бірақ кім жеңетіні әлі белгісіз жекпе-жек тамашалайтын боламыз", - дейді Фостер. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина