UFC жұлдызы қазақ шапанын сыйлыққа алды

Бразилиялық спортшы Чарльз Оливейра (33-8-0-1) UFC титулдық жекпе-жегі алдында Қазақстаннан сыйлық алды. Бұл сыйлық оның 33 жасқа толуының құрметіне берілген, - деп хабарлайды Tengri Sport

Жанкүйер спортшыға қазақ шапанын табыстаған, ал Оливейра шапанды киіп көріп, оған тәнті болған.

Айта кетейік, 22 қазанда Абу-Дабиде (БАӘ) оңтүстік америкалық спортшы UFC 280 турниріндегі басты іс-шараның қатысушысы болады.

Жеңіл салмақтағы UFC титулы үшін шайқаста Оливейра ресейлік Ислам Махачевпен (22-1) кездеседі.

Кейінірек Оливейра шапан киіп, жанкүйерлермен кездескен сәттің видеосын жариялаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!