Зүлфия Чиншанло Азия чемпионы атанды

Зүлфия Чиншанло Азия чемпионы атанды

Қазақстандық зілтемірші Зүлфия Чиншанло Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 220 келіні ырқына көндірді. Ол әуелі жұлқа көтеруде 95 келіні еңсеріп күміс жүлде, ал серпе көтеруде 125 келімен алтын алды.

Ауыр атлетикадан 2022 жылғы Азия чемпионаты 8-16 қазан аралығында Манамада өтеді. Құрлықтық турнирге 29 елден 186 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 18 спортшы қатысады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова