Головкин мен «Канело» сағат нешеде кездеседі?

18 қыркүйек күні таңертең Геннадий Головкин Сауль Канело Альвареспен үшінші рет жұдырықтасады.

Бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 05.00-де басталып, арналардың ресми сайттарында да көрсетіледі. Негізгі жекпе-жектер таңғы 6:00-де, ал Головкин мен «Канело» таңғы 8:00-ден кейін кездесуі мүмкін.

Бәсекелестердің үшінші айқасы тағы да T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешінде тағы бір қазақстандық Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) пен Габриэль Росадо (26-15-1, 15 КО) жұдырықтасады.