Қазақстандық спортшы Хабиб лигасының чемпионы атанды

Елордада Eagle Fighting Championship аралас жекпе-жек лигасының 50-турнирі аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирде қазақстандық Дияр Нұрғожай (7-0) мен ресейлік Константин Андрейцев (17-14) кездесу өткізді.

Бәске бос тұрған EFC белбеуі тігілді. Бес раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандық файтер Дияр Нұрғожаевтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Дияр Нұрғожай кәсіби мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, Eagle Fighting Championship турнирінің жеңімпазы атанды.

Дияр Нұрғожаев үшін бұл Хабиб Нұрмағамбетовтің промоушеніндегі төртінші жекпе-жек. Кәсіпқой мансабында сегіз жекпе-жек өткізген ол бірде-біреуінде жеңіліп көрмеген.