Қазақстандық таеквондошы Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық таеквондошы Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық таеквондошы Бауыржан Хасенов Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

Ол 87 келі салмақ санатында қола медаль иеленді.

Бұл - біздің команданың Түркияда алған үшінші жүлдесі. Бұған дейін Жасурбек Клычов пен Жансель Дениз жүлдегер атанған болатын.

Командалық есепте Қазақстан 13 алтын, 9 күміс және 21 қола медальмен бесінші орында тұр.

Медаль саны бойынша Түркия көш бастайды, Иран екінші орында, Өзбекстан үшінші. 

Г. Досымшалова