Аңызға айналған спортшыға концерт кезінде оқ тиген

Аңызға айналған спортшыға концерт кезінде оқ тиген

BJJ (бразилиялық джиу-джитсу) аңызы Леандро Лоны Сан-Паулудағы концерт кезінде атып кетті. Бұл туралы ММА журналисі Игорь Лазорин телеграм арнасында жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ло өзі отырған дастарқаннан шөлмекті алған ер адаммен сөзге келіп қалған. Жанжалды ушықтырмау үшін адамдар оларды арашалаған, алайда біраз уақыттан кейін ер адам қарумен оралып, Леандроның басынан атқан. Спортшы ауруханаға дейін жеткенімен дәрігерлер аман алып қала алмады. 

Ло 33 жаста болатын, ол джиу-джитсудан сегіз дүркін әлем чемпионы.

Г. Досымшалова