Экс-әлем чемпионы "Канело" мен Головкин трилогиясына қатысты пікір білдірді

Экс-әлем чемпионы "Канело" мен Головкин трилогиясына қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/gggboxing

Бұрынғы әлем чемпионы Вячеслав Сенченко Сауль "Канело" Альварес пен (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) трилогиясы туралы пікір білдіріп, жекпе-жектегі шешуші факторларды атады, - деп хабарлайды fightnews.info сайты.

Жартылай жеңіл салмақтағы украиналық бұл жекпе-жек екі қарсыласқа да қиын болатынына сенімді.

"Головкин соңғы жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады. Ол үздік, өте тәжірибелі боксшы. Альварес те оңай спортшы емес. Бұл екі мықтының жекпе-жегі. Жекпе-жекте стратегия, тактика, функционалдық жағынан кім дайын сол жеңеді. Бұл жекпе-жекте көптеген фактор әсер етеді", - деді Сенченко.

Еске салайық, 17 қыркүйекте Головкин мен Канело үшінші жекпе-жегін Лас-Вегастағы (АҚШ) алдыңғы екі жекпе-жек өткен T-Mobile аренасында өткізеді. 

Г. Досымшалова