Головкин мен "Канело" трилогиясының андеркарды белгілі болды

Головкин мен "Канело" трилогиясының андеркарды белгілі болды

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 KO) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 KO) жекпе-жегінің андеркарды белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Басты жекпе-жектің бірінде 52 келіге дейінгі салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Джесси Родригес (16-0, 11 КО) мексикалық Исраэль Гонсалеске (28-4-1, 11 КО) қарсы кездесуде белбеуін қорғайды.

76 келіде қазақстандық Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) америкалық экс-үміткер әрі ардагер боксшы Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) қолғап түйістіреді.

72 келіде америкалық проспект Остин Уильямс (11-0, 9 КО) британиялық Кирон Конвэймен шаршы алаңда өзара мықтыны анықтайды.

76 келі салмақ дәрежесінде АҚШ-тың өкілі Диего Пачеко (15-0, 12 KO) Пуэрто-Рикодан келген Энрике Коллазоға қарсы (16-2-1, 11 KO) жекпе-жек өткізеді.

Американың тағы бір былғары қолғап шебері Марк Кастро (7-0, 5 КО) 59 келі салмақта мексикалық Кевин Мендосамен жұдырықтасады.

Еске салайық, Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) бокс кеші 17 қыркүйекке жоспарланған.  

Г. Досымшалова