Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина WTA-250 турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина WTA-250 турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Анна Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, корт иелері Катажина Кава - Алисия Росольскамен өнер көрсетті.

Бірінші партия барысында К.Кава мен А.Росольска 3:1 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық-германиялық жұп таразы басын аудара білді - 6:4.

Екінші сетте есеп 4:5 болған кезде де Данилина мен Фридзам брейк жасай алды - 5:5.

Бірақ қарсыластары қайыра брейк жасап, сетті өз есептеріне жіберді - 7:5.

Супер тай-брейкте қазақстандық-германиялық жұп 8:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін К.Кава мен А.Росольска есепті қысқартқанымен, Данилина мен Фридзам мүмкіндігін жібермеді - 10:5.

Екі сағатқа созылған тартысты матчта қазақстандық-германиялық дуэт 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Польшалық жұп та 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Анна Данилина өз спорт жолында жұптық сында үшінші рет WTA жарысының чемпионы атанды. Өткен жылы Гданьск (Польша) қаласында үздік шықса, биыл жыл басында Сиднейде WTA-500 турнирінің жеңімпазы болған еді.

Г. Досымшалова