Еркін күрестен қазақ баласы әлем чемпионы атанды

Еркін күрестен қазақ баласы әлем чемпионы атанды

Еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржыны алтын жүлдемен толықты. Бұл жайлы "Хабар 24" хабарлады. 

Италия астанасы Римде өтіп жатқан дүбірлі додада отандасымыз Дарын Әскербек 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен. Спортшы алдымен Өзбекстан өкілі Хусанбой Усмонов пен армениялық Арен Серобянды жеңді. 

Жартылай финалда германиялық Яннис Ребгольцтан айласын асырып, финалда америкалық балуан Джексен Патрик Форрестпен кездесті. 

Қос мықтының арасындағы белдесуде отандасымыз 11:10 есебімен жеңіске жетті.

Қ. Слямбек