"Қызыл-Жар" футбол клубы Конференция лигасында сенсация жасады

"Қызыл-Жар" футбол клубы Конференция лигасында сенсация жасады

Петропавл қаласының намысын қорғайтын "Қызыл-Жар" Конференция лигасының үшінші айналымына жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Хорватиядағы қарымта матчте 2:0 есебі тіркелді. Ойынның 62 минутында Гиорги Иванидзе есеп ашса, араға екі минут салып Мусса Коне таблодағы есепті еселеді.

"Астана Аренадағы" бірінші кездесуде хорватиялықтар 2:1 нәтижесімен жеңіске жеткен еді. Қос ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебі тіркеліп, "Қызыл-Жар" жарыстың келесі кезеңіне шықты. Осылайша, өз тарихында тұңғыш рет еурокубок турнирінде бағын сынап жатқан солтүстікқазақстандықтар жеке көрсеткіштерін жақсартты.

Г. Досымшалова