Канело Головкинмен жекпе-жек алдында мексикалық боксшыдан "таяқ жеді"

Канело Головкинмен жекпе-жек алдында мексикалық боксшыдан "таяқ жеді"

Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші  жекпе-жек алдында қиын спарринг өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мексикалық боксшы жартылай ауыр салмақтағы "Америкалық перғауын" лақап атты Ахмед Эльбиалимен (22-1, 18 КО) спарринг өткізді. Тегі мысырлық боксшы Альваресті тықсырып, қорғануға мәжбүр етті. 

Видеоны Эльбиали әлеуметтік желіде жариялап: "Спарринг серік болма, чемпион бол" деп жазыпты.

Г. Досымшалова