"Ақтөбе" клубының бұрынғы бапкері жұмыстан босатылғаны үшін 100 мың еуро өтемақы алады

"Ақтөбе" клубының бұрынғы бапкері жұмыстан босатылғаны үшін 100 мың еуро өтемақы алады

FIFА дауларды шешу палатасы ресейлік маманның "Ақтөбе" футбол клубына қатысты еңбек дауы бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Владимир Муханов келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін дәлелді себепсіз жұмыстан босатылғаны үшін ақшалай өтемақы алады.

Айыппұл сомасы 100 мың еуро. "Ақтөбеде" бұл үкімге шағымдануға 10 күн бар.

Еске салайық, Муханов 27 сәуірде ҚПЛ чемпионатының сегізінші турында "Тараздан" 0:3 есебімен жеңілгеннен кейін бірден командадағы жұмысынан шеттетілген болатын.

Алайда, жаттықтырушымен келісімшарт 2022 жылғы маусымның соңына дейін жасалған болатын.

Г. Досымшалова