"Қазақ Титаны" мен "Ирандық Халк" көз арбасу кезінде төбелесіп қалды

"Қазақ Титаны" мен "Ирандық Халк" көз арбасу кезінде төбелесіп қалды
Фото: ©instagram.com/qazaqtitan/

"Қазақ титаны" лақап атымен танымал Алмат Жұманов "Ирандық Халк" Саяд Гарибимен жекпе-жек алдында кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Қарсыластар көз арбаспақ болды, бірақ соңы төбелеспен аяқталды.

Бокс ережесі бойынша бұл жекпе-жек 31 шілде Dubai P7 Arena шаршы алаңында өтеді. Промоушенмен Wicked N' Bad компаниясы айналысады. Айқас форматы - екі минуттан төрт раунд.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от iranian hulk (@sajadgharibiofficial)

Г. Досымшалова