"Қайрат" еурокубокта өз алаңында жеңіліп қалды

"Қайрат" еурокубокта өз алаңында жеңіліп қалды

"Қайрат" конференциялар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде өз алаңында венгриялық "Кишвардамен" өткен кездесуде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Алматыда өткен кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Кездесудің 81-минутында Ясир Асани айып алаңында допты қабылдап, қақпаға дәл көздеді.

Командалар допқа иелік етуде шамамен тең нәтиже көрсетті, бірақ қонақтар нысанаға дәл тигізді (2:5).

Айта кетейік, бұған дейін турнирдегі алғашқы ойында "Қызыл-Жар" клубы өз алаңында Хорватияның "Осиек" командасынан ұтылып қалған болатын.

"Тобыл" өз алаңында Гибралтарлық "Линкольн Ред Импсті" ұтты. Қарымта ойын 28 шілдеде өтеді.

Г. Досымшалова