Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында рекорд орнатты

Қазақстандық жеңіл атлет Каролин Чепкоеч Кипкируи әлем чемпионатында жетінші орында мәреге жетті, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Әйелдер арасындағы 10 000 метрге жүгіруде ол Қазақстанның жаңа рекордын орнатты: 30:17.64. Қазақстанның тағы екі өкілі финалға шықты. Сонымен, кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіруде Нора Джеруто бірінші орында. Ол қашықтықты 9:01.54-те аяқтады. Джеруто  - алтын медальдің басты үміткері.

Биіктікке секіруде Надежда Дубовицкая әлем чемпионатының финалына өтті. Әлем чемпионаты АҚШ-та өтіп жатыр, 24 шілдеге дейін жалғасады.