Александр Бублик Ньюпорт турнирінің финалына шықты

Александр Бублик Ньюпорт турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ньюпорт ATP 250 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Ол 1/2 финалда аустралиялық Джейсон Кублерді ұтты. Бір сағат он минутқа созылған кездесу 6:3, 6:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.  Айта кетейік, ATP рейтингінде Бублик 42-ші орында, ал Кублер 102-ші орында.

Ертең, 18 шілдеде өтетін финалда қазақстандық теннисші америкалық Максим Крессимен ойнайды.

Г. Досымшалова