Роналду мен Месси бір клубта ойнауы мүмкін

Криштиану Роналдудың мүддесін қорғайтын агент Жорже Мендеш ойыншыны француздық "Пари Сен-Жерменге" ауыстыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, - деп хабарлады "Р-Спорт" агенттігі.

Басылым мәліметінше, Роналду "Манчестер Юнайтед" маусым алдындағы турын өткізіп жатқан Бангкокқа ұшпаған. Футболшыға отбасылық мәселелерді шешу үшін қосымша демалыс берілген. 

Команда өткен маусымда Чемпиондар лигасына өте алмаған соң, Роналдудың "Манчестер Юнайтедтегі" болашағы белгісіз.

Айта кетейік, шабуылшы команда басшылығынан қанағаттанарлық ұсыныс болса, клубтан кетуге рұқсат сұраған.

ESPN хабарлауынша, "Манчестер Юнайтед" футболшы ағылшын премьер-лигасының (EPL) командасына ауыспаған жағдайда, онымен қоштасуға дайын.

Роналду өткен маусымда премьер-лигада 18 гол соғып, үш нәтижелі пас берді, бес дүркін "Алтын доп" иегері, Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы және 2016 жылғы Еуропа чемпионы.

Қазір ПСЖ сапында әлем футболының тағы бір жұлдызы - аргентиналық Лионель Месси өнер көрсетеді.