"Уимблдон" турнирінің финалына шыққан Рыбакина пікір білдірді

"Уимблдон" турнирінің финалына шыққан Рыбакина пікір білдірді

"Уимблдон" турнирінің финалына шыққан Елена Рыбакина тарихи жеңісінен кейін пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Керемет ойын болды. Симонамен осыған дейін тартысты матчтер өткізгенбіз. Бүгін өзім жоспарлағандай барынша жинақы болдым. Сапалы ойын көрсеткенім үшін өзіме ризамын. Әрине, толқыныс сезімі болғаны рас. Әдетте сарыуайымның салдарынан жиған-терген тәжірибеңді көрсете алмайтын кездер болады. Бұрын орталық кортта ойнамағанмын. Алайда бүгін негізгі кортқа шыққанымда аса қатты толқыған жоқпын. Жанкүйерлердің керемет қолдауы, турнирдің атмосферасы қосымша күш берді. Психологиялық тұрғыда бұл ойынға дайын болдым", - дейді Рыбакина.

Еске салайық, Рыбакина турнирдің жартылай финалында Симона Халепті екі сетте ұтқан - 6:3, 6:3. Енді финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Тунис теннисшісі Унс Жабермен кездеседі.

Г. Досымшалова