Рахмоновтың UFC-дегі бүгінгі жеңісіне әлем спортшылары не деп пікір білдірді

Рахмоновтың UFC-дегі бүгінгі жеңісіне әлем спортшылары не деп пікір білдірді
Фото: bloodyelbow.com

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC Vegas 57 турнирі өтті. Қазақстан спортшысы Шавкат Рахмонов (16-0) америкалық Нил Мэгниді (26-9) екінші рауднта сабмишн әдісімен жеңді.

Бұған UFC-дің жекпе-жек шеберлері түрлі пікір білдірді. Солардың бірнешеуін ұсынайық.

Дерек Брансон, орта салмақ иегері: "Шавкат нағыз ер екен. Жауын аямайды. Нағыз әмбебап шебер. Қай позицияны ұстанса да, кәсіби іс істейді".

Винс Моралес: "Шавкат дегенің нағыз мықты енді...".

Терренс МакКинни: "Шавкат – жартылай орта салмақта жүрген спортшыларға қауіпті адам"

Сайдиокуб Кахрамонов: "Шавкат жекпе-жекті тамаша өткізді".

Мухаммад Мокаев: "Шавкаттың орнына Чимаевті қойып көрейікші, Магниді қалай жеңер еді, бір сәт ойланып көрейікші".

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов әлемнің ең үздік жекпе-жек ұйымы – UFC-де осымен төртінші рет төбелесіп отыр. Төртеуінде де айқын жеңіс. Осы турнирде де $50 мың бонус алды.

Қ. Слямбек