Шавкат Рахмонов UFC чемпионы болатынын айтты

Шавкат Рахмонов UFC чемпионы болатынын айтты
Фото: shavkatrakhmonov94

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Шавкат Рахмонов болашақта UFC чемпионы болатынын айтты, - деп хабарлайды vesti.kz.

"Маған титулға үміткер ретінде назар аударатындарға қалай қараймын? Демек, мен болашақ UFC чемпионымын", - деді Рахмонов жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, қазақстандық 26 маусымда таңертең UFC Figh Nifgt 208 турнирі аясында Лас-Вегаста өтетін жекпе-жектегі қарсыласы америкалық Нил Магниден мықты екенін жеткізді.

"Нил Магни мен үшін тағы бір жақсы тексеріс болады. Мен одан күшті екенімді көрсетуге дайынмын. Бұл дивизиондағы ең мықты екенімді. Мерзімінен бұрын жеңіске келетін болсақ, алдыма ондай мақсат қоймаймын. Ол қате жіберсе, сол мүмкіндікті пайдаланамын", - деп толықтырды Рахмонов.

Ж. Қадыржанова