Канело - GGG трилогиясы. Баспасөз мәслихаты өтетін күн белгіленді

Канело - GGG трилогиясы. Баспасөз мәслихаты өтетін күн белгіленді
Фото: Тengrinews

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль Альварестің (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек алдында өтетін бірінші баспасөз жиынының күні белгіленді, - деп хабарлайды boxinginsider.com.

Алдын ала мәлімет бойынша, бірінші баспасөз мәслихаты 24 маусымда Лос-Андежелесте, ал екіншісі 27 маусымда Нью-Йоркте өтеді. 

"Головкин бұрынғыдай көп жұдырықтаспайды, оның үстіне қартайып келеді, дегенмен, бұл айқас кеңінен жарнамаланатынына күмән жоқ. Канелоның өте талантты Биволдан жеңілуі Головкинмен үшінші айқасқа қызығушылықты арттыра түседі. Оның үстіне болашақта Бокс даңқының залына кіретін екі боксшы арасында нағыз жауластық болды. Екеуі бір-бірін жақтырмайды", - деп жазады мәлімет көзі. 

GGG мен Канело арасындағы трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған. 

М. Жәмішжанов